Енді қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне жиі ұша алады

Қазақстан-БАӘ, әуе рейсі, Дубай-Алматы, Дубай, Азаматтық авиация комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 14:59 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артып келеді. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация басшылары екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға уағдаласты.

Аавиатасымалдардың қолжетімділігі және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" лоукост әуекомпаниясы Абу-Даби және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 3-тен 4-ке дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) арттырды. Ұшулар Airbus A320/A321 типті әуе кемелерінде орындалады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ "Fly Dubai" әуекомпаниясы:

  • 26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14-ке дейін;
  • 28 қаңтардан бастап Дубай-Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
28 ақпаннан бастап "Fly Dubai" әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) Шымкент-Дубай бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. "Fly Dubai" әуекомпаниясының ұшулары Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен БАӘ "ашық аспан" режимін ұзартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: