Рудныйда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

Рудный, жылу құбыры, жылу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 10:15 Сурет: Instagram/rudny_official
Рудныйда 27 қаңтарда сағат 6:30-да Горняков көшесінің бойында жарылған жылу трассасы қалпына келтірілді. Бұл ақпарат қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қаңтар күні сағат 14:00-де диаметрі 530 мм болатын жылу трассасы жарылған еді. 24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға жылусыз қалды. Сағат 16:00-де құбырдың жарылған жері анықталды.

"Ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар 2023 жылғы 27 қаңтарда сағат 6:30-да аяқталды", - делінген хабарламада.

Қазір жылу трассасы толтырылып жатыр. Осыдан кейін ПИТК тұрғын үйлердегі клапандарды ашу жөнінде хабарлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: