БҚО мен Маңғыстауда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Zakon.kz
13 ақпанда Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ орын алуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдық жел соғады. Оралда жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript