Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында электр қуаты қалпына келді

Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында электр қуаты қалпына келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 17:58 Сурет: freepik
500 кВ "Екібастұз-Ағадыр" желісіндегі апатты қалпына келтіру сағат 16:45-те аяқталды. Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірлеріндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың қалыпты схемасы қалпына келгенін KEGOC мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі "Екібастұз-Ағадыр" желісіндегі электр қуатының апатты сөну себебін атады.

"Сағат 16:45-те апат жұмысы аяқталғаннан кейін 500 кВ Л-5170 "Екібастұз-Ағадыр" әуе желісі іске қосылды. Өшіруге В фазасының №1111 тіреуіндегі гирлянданың үзілуі себеп болды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09:23-те 500 кВ Л-5170 "Екібастұз – Ағадыр" электр желісі сөндірілді. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша жалпы қуаты 170 МВт болатын электрмен жабдықтауда тек өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана шектеуде қалды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: