Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура сайлау науқаны кезінде қандай заң бұзылғанын айтты

сайлау Сурет: Zakon.kz
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ОСК отырысында сайлау науқаны кезінде қандай заң бұзылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгінгі таңда сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің, сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтамаумен ұштасқан бірқатар бұзушылықтар тіркелді. Олардың сауалнама жүргізуге қатысты біреуі елордада болды. Кінәлі адамға Астананың "Сарыарқа" ауданы прокурорының қаулысымен қысқартылған іс жүргізу тәртібінде Әкімшілік құқық бұзылушылық туралы кодексің 120-бабының 3-бөлігі бойынша 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды". Жандос Өмірәлиев

Сонымен бірге кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 фактісі анықталған.

"Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданып жатыр". Жандос Өмірәлиев

Бас прокурордың орынбасары сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық турал кодексің 102, 112 және 122-баптары бойынша кандидаттардың, саяси партиялардың және олардың сенім білдірілген адамдарына айыппұлмен қоса, олардың тіркеуі туралы шешімнің күшін жоятынын ескертті.

Сайлау құқықтарына қатысты осы және басқа да әкімшілік істерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жатады. Ал істерді соттар қарайды.

Бұл ретте азаматтар өздерінің сайлау құқығы бұзылған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.

Мұндай жағдайда аталған істерді прокурордың қатысуымен соттар міндетті түрде қарайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат бүгін — 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: