Астаналық құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды
Құтқарушылар қаза тапқан әріптестері Валерий Зайцевті, Саят Абеевті, Руслан Кәкішевті, Асқар Забикуллиннің рухына тағзым жасады. Астананы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлік танытып, өртпен күресті.
Осы күні қаза болғандарды еске алу құрметіне "Құтқарушылар" саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Еске салайық, 2022 жылғы 16 қарашада астаналық өрт сөндірушілер қаладағы өртеніп жатқан пәтерден бес адамды құтқарды. Кейін оқиға кезінде өрт сөндірушілердің өздері де зардап шеккені хабарланды, Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесінің 80 пайызы күйген.
Ол 20 қарашада ауруханада қайтыс болды. Кейін Президент Тоқаев Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы сонымен бірге Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойып, Астанадағы көшелердің біріне марқұмның есімін беріп, бюстін орнату жөнінде тапсырма берді.