Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ жер сілкінісі кезінде Алматының қай ауданы қауіпсіз екенін айтты

ТЖМ жер сілкінісі кезінде Алматының қай ауданы қауіпсіз екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 14:26 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, Алматыда қаланың бір ғана ауданы азды-көпті қауіпсіз деп саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматы Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі екенін, қала тектоникалық плиталардың 27 сынығында орналасқанын мойындады.

"Жер сілкінісі қаланың барлық таулы аймақтарына әсер етеді. Оның арасында Түрксіб ауданы салыстырмалы түрде ең қауіпсізі болып саналады. Қалғандарында қирау қауіп жоғары".Ибрагим Күлшімбаев

Сонымен қатар ол болжам бойынша Алматыда амплитудасы 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30%-ға дейін қирауы мүмкін екенін айтты.

Бірінші вице-министр жер сілкінісі болған жағдайда аман қалу мүмкіндігін арттыру үшін қайда тығылған дұрыс екенін де қоса кетті.

"Тұрғын үйлердегі ең қауіпсіз орындар - көтергіш қабырғалардың асты. Баспалдаққа жүгіріп шығуға болмайды, ол - ең қауіпті жер. Түркияда қайтыс болғандардың біразы баспалдақпен түспек болғанын байқадық. Сондықтан пәтерде, қабырғалардың қасында қалған дұрыс. Себебі жүк көтергіш қабырғалар құлағанда саңылаулар жасайды, сонда үйінді астынан аман қалу мүмкіндігі көбірек".Ибрагим Күлшімбаев

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын бекіткен еді.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: