Жаңалықтар тізбегі
0

Абаттандыруға бөлінген қыруар қаржы пәтерінде дірдектеген теміртаулықтардың шамына тиді

Жылу мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 22:25 Сурет: wikimedia
Теміртау қаласында орталық көшелер мен қала әкімдігінің алдындағы гүлзарлар күрделі жөндеуден өткізілмек. Оған бөлінетін қыруар қаржы пәтерлерінде дірдектеп отырған теміртаулықтардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті жағажайды тіпті Мальдив аралдарына ұқсату көзделіпті. Бірақ жоспардағы сәнді суреттер қала берсенділерінің ашуын туғызды. 100 миллион теңге жасалған суреттегі жобаның құны - 1 миллард 800 миллион теңге. Қаражаты бөлініп, мердігері де анықталып қойыпты. Бірақ жергілікті тұрғындарды баяғы жылу мәселесі қынжылтады. Құбырлардың 75 пайызы тозған. Соның 2-ақ пайзынын жаңартуға  былтыр 4 миллиард теңге жұмсалыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Бізге дәл қазір жағажай керек жоқ. Бізге қыста жылу керек. Металлургер көшесі жылына үш рет қазылады. Өйткені астындағы құбырлар жарылады. Соны біле тұра, оның үстін абаттандырып, балалар алаңын салмақшы. Алдымен астындағы құбырларды реттеп алсын".Теміртау тұрғыны Екатерина Цышетская


Шенеуніктердің айтуынша, бюджет қаражатын тек қана жылу жүйелеріне жұмсауға болмайды. Абаттандыру мәселесі де өзекті. Оның үстіне жылу жүйелерін жаңарту жобасына биыл тағы 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

"Биыл алты жоба жасалатын болады, жылу желілері бойынша. Екі жылдық жобалар, биыл ол жобалар аяқталады. Ол екінші магистарль 4,4 киллометрдің 1,4 ауыстырылған болатын. Үшінші магистраль металлург даңғылында 6,1 шақырымның 5,8 ауыстырылды. 400 метрдей жердің астында, сол ауыстырылған жоқ. Соны биыл аяқтайтын боламыз". Теміртау қалалық ТКШ бөлімі бастығы Ринат Қыдырбеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: