Шымкенттегі автобустарда енді кондуктор болмайды

автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 12:00 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы наурыздан бастап Шымкенттегі автобустарда кондукторсыз жүйе енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары жол ақысын валидаторлар, SMS және QR-код арқылы төлей алады.

"Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жүргізушіден чек талап етіңіз және оны шыққанға дейін сақтаңыз. Көлік картасымен, SMS немесе QR-код арқылы төлесеңіз, жол ақысы 70 теңге, ал қолма-қол 100 теңге болады", - деп хабарлады Otyrar.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтару екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сол себепті автобустарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: