Алматыда және тағы бес өңірде дауылды ескерту жасалды

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 15:03 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері ертең, 26 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты алты өңірде дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматыда түнде тұман, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: