Астана мен еліміздің 15 өңірінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман болатыны болжанды
Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Көктайғақ. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18-20 м/с құрайды деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, тіпті 30 м/с және одан да асуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Қарағанды облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында оның екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Қостанай қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында күндіз қар бұрқасындатуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар бұрқасындатып, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің де екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар бұрқасындатуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 3-8 градус жылы болады. Өскеменде жауын-шашын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.
Абай облысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында қар бұрқасындатуы ықтимал. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-3 градус, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды.