Қазақстанның 7 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

қыс, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 21:03 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК республиканың 7 өңірінде қолайсыз ауа райын байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында түстен кейін көктайғақ болатыны болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: