Алматыда әйелдер құқығына арналған митинг өтті
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Ганди саябағында әйелдер құқығын қорғауға арналған митинг өтті, оған кемінде 500 адам жиылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуеліде митингіні шерумен бірге ұйымдастыру жоспарланған еді, бірақ әкімдік оны өткізуге рұқсат бермеді.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, митинг былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталған.
Биылғы митингінің тақырыбы - "Дене автономиясы үшін - сексуалдандырылған зорлық-зомбылыққа қарсы".
Қазақстанда 2022 жылы зорлаудың 373, ал биыл 72 фактісі тіркелген. Жиылғандар алаңға әйел құқығы мәселесін көтеретін түрлі плакат әкелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript