Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағындағы субүркіт 31 жасқа толды

Алматыда субүркіт 31 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 16:31 Сурет: Алматы хайуанаттар бағы
Алматы хайуанаттар бағы негізінен жыртқыш құстарды ұстауға мамандандырылған. Бүгін онда 35 балапаны бар аққұйрықты субүркіт туған күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін - біздің зообағымыздағы аққұйрықты субіркіттің туған күні. Ол 31 жасқа толды. Жабайы табиғатта оның орташа өмір жасы - 20-25 жыл. Біздің бүркіт – ұзақ өмір сүріп келе жатқан ерекше жыртқыш құс. Аталық субүркіттің 35 балапаны бар. 1997 жылдан бері алатын болсақ, Алматы хайуанаттар бағында бүркіттің осы түрінен 68 балапаны шыққан. Қарт бүркітімізге ұзақ ғұмыр тілейміз", - деп жазды Алматы зообағының ұжымы Instagram-дағы парақшасына.


Сонымен қатар бақ қызметкерлері екі күн бұрын ғана инкубаторда құмай балапаны пайда болғанын хабарлады. Зообақтың ендігі жоспары – құстарды табиғатқа шығаруға бейімдеу.

"Өйткені біз зообақ жағдайында өскен құстардың жабайы табиғатта ары қарай тіршілік етіп кетуін қалаймыз. Ол үшін, әрине, орнитолог мамандармен бірлесе жұмыс істеу қажет", - делінген Алматы хайуанаттар бағы хабарламасында.

Аққұйрықты субүркіт — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Олар негізінен өзен, көлдердің жағасында, сулы жерге жақын тіршілік етеді. Басты қорегі – балық.

Аққұйрықты субүркіт жойылып кету қаупі ең аз түр, өсімі бар – Least Concern санаты бойынша Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: