"Роза Рымбаеваның немересі біздің үйде": Әли Оқапов ұлы туралы айтып берді
Сурет: Instagram/aliokapov
Әнші Әли Оқапов әке болғаннан кейін алғаш рет сұхбат беріп, сезімін бөлісті. Ол баланы, оның үстіне Роза Рымбаеваның немересін бағу, тәрбиелеу оңай емес деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар" телеарнасының журналистері әншіден "Әке атандыңыз, жұмысқа үлгеріп жатырсыз ба?" деп сұрады. Әли Оқапов алғашқы сәбиі болған соң оған бар уақытын бөлгісі келетінін әңгімеледі.
"Алғашқы сәби болған соң, көп күткен баламыз болған соң 24 сағаттың 29-ын оған бергіміз-ақ келеді. Бірақ жұмысың бар, ұйқы жоқ. Барлығы баланың айналасында болғандықтан тамақты қалаған уақытыңда ішпейсің. Уайым да бар, оңай емес. Дегенмен өте үлкен мотивация береді екен. Ол - жаңа адам. Ол үшін барлығын жасағың келеді. Неге жасамасқа? Неге ән жазбасқа? Неге сахнаға шықпасқа? Уақытың жетпей тұрса да, балаң үлкен күш береді. Уақыт жоқ, бірақ күшің тасып тұрады. Жалпы өте қызық", - деді Әли Оқапов.
Әли Оқапов ұлына 100% уақытын бөліп жатқанын жасырмады. Ол бір айда бірінші рет түсірілімге шыққан.
"Жұмысың, қандай шаруаң болса да, отбасы алғашқы орында болуы керек. 100% уақытымды бөліп жатырмын, бәрінен бас тарттым. Бір айда бірінші рет түсірілімге шығып тұрмын. Роза Рымбаеваның немересі біздің үйде. Ол - үлкен жауапкершілік. Қазір ең әуелі қырқынан аман-есен шығаруымыз керек. Денсаулығын мұқият қадағалап, сонымен айналысып жатырмыз. Барлығы дұрыс болады деп ойлаймыз. Тфәй-тфәй, қазір бәрі әдемі", - деді Әли Оқапов.
Айта кетері, Әли Оқапов әке болғанын бұдан бұрын еш жерде айтпады. Тек өзінің Instagram-дағы парақшасында фото бөлісті. Бұл жаңалық ақпанның 22-сінде желіде тарады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript