25 наурызда Қазақстанның екі қаласы мен төрт өңірінде қою тұман болады деп болжанады
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Павлодар облысының оңтүстігінде де тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Алдында синоптиктер Қазақстанда 25 наурызда тұрақсыз ауа райы күтілетінін болжаған болатын. Қазақстанда 25-26 наурызда - демалыс күндері 26 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.