Қазақстаннан Новосібірге рейстер уақытша тоқтатылды

ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2023 14:38 Сурет: pixabay
Qazaq Air әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерді орындамайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaq air баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды.

"Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com  поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек". Qazaq air

Әуекомпания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, сонымен бірге жолаушыларға кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: