Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда терроризм туралы жалған хабар таратындар көбейген

телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2023 16:44 Сурет: pixabay
24 наурызда Терроризмге қарсы орталық басшысы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың төрағалығымен орталықтың отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Терроризмге қарсы орталық құрамына кіретін мемлекеттік огандардың, Бас прокуратура басшылары қатысты.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстанда кейінгі кезде "жалған терроризм" көріністері жиі бола бастады, оның саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өскен.

"Әсіресе, аноним хабарламалар Интернет желісі арқылы жүзеге асырылатындығына ерекше назар аударылды. Осыған ұқсас фактілерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында, ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ведомствоаралық Іс-шаралар жоспары әзірленді және отырыста бекітілді. Орта мерзімді жоспарларға Халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, материалды-техникалық нығайту мен кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша шаралар жүйесінің кешенін іске асыру көзделген". ҰҚК баспасөз қызметі

Отырыста қосымша терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Жедел іс-шараларды өткізуге жұмылдырылған басшылар мен лауазымды тұлғалардың біліктерін үнемі көтеру, террористік қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жүргізу бойынша ақпаратпен және тәжірибемен алмасу механизмдерін жетілдіру қажет екеніне тоқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: