Террорлық, кибершабуылдар мен есірткіні болдырмау: ҰҚК президентке не баяндады

Террорлық, кибершабуылдар мен есірткіні болдырмау: ҰҚК президентке не баяндады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 17:34 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Ермек Сағымбаев:

  • ведомствоның 2023 жылғы жұмысының негізгі нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді;
  • былтыр ҰҚК бөлімшелері елімізде екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алғаны жөнінде баяндады:
  • лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталған;
  • жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткен.
  • экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтты:қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен, соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылған.
  • Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымдасқан 15 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілгені, 681 қару мен 85 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленгені туралы айтты:
  • есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша 36 зертхана жойылған. 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі арнасына тосқауыл қойылып, 3,6 тонна есірткі тәркіленген;
  • ҰҚК халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар операцияны жүзеге асырған.

Мемлекеттік шекараны күзету саласында құқық бұзған 31 мыңнан астам адам ұсталғанын жеткізді. Қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 739 әрекетке, сондай-ақ жалпы сомасы 11,7 миллиард теңге болатын валюта мен алтынды, сомасы 12,6 миллиард теңгені құрайтын тауарды тасымалдауға жол берілмеген;

ҰҚК техникалық бөлімшелері мемлекеттік органдардың ресурстарына және елдің маңызды стратегиялық инфрақұрылым нысандарына жасалған 86,3 миллион кибершабуыл мен 2156 DDoS- шабуылды тойтарғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: