Жел, найзағай, жауын-шашын: республиканың көп өңірінде ескерту жасалды
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 30 наурызда республиканың 13 өңірінде екпіні күшті жел соғып, найзағай ойнайтынын және жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript