Жаңалықтар тізбегі
0

Қатты жел соғып, түнде үсік жүреді. 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 16:59 Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады деп болжайды."Қазгидромет" РМК 2 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2-4 сәуір аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. 2-3 сәуірде түнде аяз сақталып, сынап бағаны 1-6 °C  көрсетеді, ал 4 сәуірде сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендейді деп  күтіледі. Тараз қаласында да  2-4 сәуір аралығында тұман болады. 2-3 сәуір аралығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-тен 20 м/с-қа дейін, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады. Облыстың таулы аймақтарында, сондай-ақ облыстың солтүстігі мен шығысында соққан желдің желдің екпіні 25 м/с дейін барады, ал орташа жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Алматыда 2 сәуірде түнде 1-ден 3 градусқа дейін, ал Қонаевта 3-тен 5 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 2 сәуірде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстіктен, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Өңірде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с , ал облыстың орталық бөлігінде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

2-4 сәуір аралығында Жетісу облысының Алакөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен және кейде 30 м/с астам екпінмен солтүстік-шығыстан, шығыстан қатты жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының шығысында және солтүстігінде 17-22 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде ауа температура күрт төмендеп, 2-7 градус суық болады.

Түркістан облысының таулы аудандары мен және тау бөктерінде таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі, ал өңірдің солтүстігінде және таулы аудандарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз Шымкент қаласында да найзағай ойнауы мүмкін.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен шығыстан, солтүстік-шығыстан қатты жел соғалы, кей тұстарда оның екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ұлытау облысының батыс бөлігінде түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазған қаласында 2 сәуірде шығыстан соққан желінің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

2 сәуірге қараған түні Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады. Облыстың батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының орталық бөлігінде күндізгі уақытта шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

2 сәуірде түстен кейін Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі, Петропавл қаласында 2 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: