Найзағай, жаңбыр және үсік: бірнеше өңірде ескерту жасалды

найғазай, жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 00:20 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК бүгін, 4 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына, оның ішінде үсікке, нөсер жауын мен желге байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік болады. 

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні - облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: