Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова "тақиялы депутат" атанған бауырын қонақ етті
Сурет: видеодан алынды
Депутаттың сөзіне қарағанда ақын қыз екеуі Семейде бір мектепте оқыған. Өз кезегінде айтыскер ақын ұлдарым осы Дәулет Мұқаевтай болса деп тілейді екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тілек сол күні жартылай орындалды деп айтса да болады. Дәулет Мұқаев оның балаларына өз батасын берді.
"Сара әпке, көп жерде (желіде -авт) байқап қаламын. "Ұлдарым Дәулетке тартсын" деп жатасыз. Сол, балаларыңызға менің жолымды берсін", - деді Мұқаев туған күнге арналған өз тілегінде.
Сара Тоқтамысова болса, бауырының Мәжіліс қабырғасында ант қабылдағанын айтып, бір мақтанып алғанын жеткізді.
"...Ант қабылдағанын айтып, бір мақтанып алдық өзіміз. Шүкір, тіл-көзден сақтасын. Аңдаусыз, бәле-жала деген аяқ астынан ғой. Өтірік сөзден бұрын, іс-әрекетін келемеждеп көлгірситіндер демде ғой. Алла сақтасын, абыройың биігінен түспесін деп тілегімізді айтып отырдық. Ұлдарым Дәулеттей ақылды, байсалды, байыпты болсын деп жүремін үнемі", - деп жазды Сара Тоқтамысова Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, Дәулет Мұқаевтың ант қабылдау сәті көпті тамаша әсерге бөлеген еді. Өйткені оның қазақшасы, жалпы сөйлеу мәнері желі қолданушыларын тәнті еткен.
Ант қабылдау сәтінің видеосы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript