Жер сілкінісі кезінде істелуі керек қарапайым 10 әрекет

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 22:29 Сурет: pixabay
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жер сілкінісі кезінде не істеу керегін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 әрекетті жасау керегін айтты:


  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінгенде лифтіні және баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден әрірек тұрыңыз;
  •  Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
  • Көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмектесіңіз;

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға кезінде чемоданды қалай жинау керегін түсіндіріп видео дайындады.

Бұған дейін сейсмологтар Алматыдан 74 шақырым жерде жер сілкінісін тіркегенін хабарланған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: