Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысындағы ауруханаға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды

Шелек, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 00:56 Сурет: видео скрині
Полицейлер Шелек ауылындағы ауруханаға шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 наурыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Шелек ауылының ауруханасынан 1986 жылғы А. есімді азаматтың дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Сол күні Шелек ауылы ПБ СДТБТ - да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде ауызша жанжал туып, төбелеске ұласқан, соңғысы денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген затты пайдаланып, А. есімді азаматқа дене жарақатын салған", - делінген хабарламада.

21 наурыз күні азамат А. емделіп жатқан медициналық мекемеде орын алған 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсірілген.

Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамаққа алынды. Қазір жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: