Жаңалықтар тізбегі
0

"Қызыл кітапқа" енген қызғалдақтарға қауіп қарапайым тұрғындардан төніп тұр

"Қызыл кітапқа" енген қызғалдақтарға қауіп қарапайым тұрғындардан төніп отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 18:51 Сурет: Zakon.kz
Көктем келісімен дала мен тауда қызғалдақтар гүлдейді. Дәл көктемде халықтың осы бір өсімдікті бейберекет жұлуы тоқтамай отыр.

Қазір Түркістан облысында төтенше жағдай қалыптасып, оқиға куәгерлері сирек гүлді еш ойланбастан жұла салу фактілерін түсіріп алған.

Алматы ботаника бағы қызғалдақтарға қатысты ақпарат беріп, Қазақстан халқына үндеу тастады.

"Жайық пен Еділ өзендерінің сағасынан шыққан қызғалдақтар барлық дерлік мәдени түрлердің, соның ішінде әйгілі голланд қызғалдақтарының ата-бабасы еді ғой. Бірақ мәдени қызғалдақтардан айырмашылығы, жабайы қызғалдақ пиязбен емес, тек тұқыммен тарайды. Бұл әдемі гүлдер қазіргі Қазақстанның аумағында 10 миллионнан астам жыл бұрын пайда болған. Дүние жүзінде қызғалдақтың 3000-нан астам түрі бар. Ал олардың көбі - Қазақстанда өсетін гүлдің "ұрпағы".Алматы ботаника бағы

Бақтың мәліметінше, қызғалдақтар – табиғатымыздың нағыз қазынасы, мақтанышы және сәні. Жалпы Қазақстан жабайы қызғалдақтың 35 түрін өсіреді және өкінішке қарай, оның тең жартысы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген. Ал 18-і Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Жойылып кету қаупі төніп тұрған Грейг Қызғалдағы (Tulipa greigii Regel) "қызғалдақтар патшасы" деп аталады. Өйткені ол - қазіргі заманғы 300 сорттың бастаушысы. Оның ішінде Регель Қызғалдағы (Tulipa regelii) - Қазақстандағы ең сирек және ерекше қызғалдақ. Оған қоса Альберт Қызғалдағы (Tulipa alberti), Зинаида Қызғалдағы (Tulipa zenaidae), Колпаковский қызғалдағы (Tulipa kolpakowskiana) және басқа да бірегей қызғалдақ түрлері бар.

Ботаника бағының мамандары әдемі көңіл-күй мен фото үшін қызғалдақты жұлуға болмайтынын түсіндірді. Себебі дала қызғалдақтары пиязбен емес, тұқыммен көбейетін жабайы түрі болғандықтан әр жұлынған қызғалдақ мәңгіге жоғалады. Алғаш рет қызғалдақ көшеті 10-12 жылда ғана гүлдей бастайды.

"Әдемі фотолар түсіру, гүл жинау немесе жай ғана көңіл көтеру үшін адамдар қызғалдақ тереді. Бұл олардың өсуіне кедергі болады, жойылуына әкеледі. Осы түрдің табиғи регенерациясы бұзылады және бұл өсімдіктердің мекендейтін ортасы азаяды. Бұл қызғалдақтардың пиязбен емес, тұқыммен көбейетін жабайы түрі болғандықтан әр жұлынған қызғалдақ мәңгіге жоғалады. Алғаш рет қызғалдақ көшеті 10-12 жаста ғана гүлдей бастайды. Жабайы қызғалдақты теру арқылы сіз тек бір гүлді ғана емес, осы гүлдің тұқымынан өсетін қызғалдақтарды да жойып жіберетініңізді есте ұстауға шақырамыз", - делінген Алматы ботаника бағының Instagram-дағы парақшасындағы үндеуде.

Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: