Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық студенттерге стипендия туралы маңызды ақпарат берілді

Деньги, тенге, банкомат, снятие денег, микрозайм, кредит, оплата, платеж, займ, микрокредит, долг, долги , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 14:20 Сурет: Zakon.kz
"Қаржы орталығы" АҚ бүгін, 2024 жылдың 23 қыркүйегінде қазақстандық студенттерге арналған шәкіртақыға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қаржы орталығы" АҚ 2024-2025 оқу жылының 1 семестрінің 1 курсында білім алушыларға ағымдағы жылдың қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ, жаңадан түскен Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз.

Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түсетін болады. Төлемдер айдың аяғында(қазанда) жүргізілетін болады.

"Қаржы орталығы" АҚ 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес стипендиялар төлеу жүргізілетінін хабарлайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: