Қазақстанның Бас прокуроры орман өрттері туралы маңызды мәлімдеме жасады
Бас прокурордың айтуынша, дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша биылғы жаз өте ыстық болады.
Орман өрттерінің шығу қаупі жоғары. Менің тапсырмам бойынша ықтимал қауіптің алдын алу үшін облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт маусымы дайындығына талдау жүргізетін болады, -деп жазды Берік Асылов X (Twitter) әлеуметтік желісінде.
2023 жылы 8 маусымда Абай ауданында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (МҚҚР) аумағында орман өртенді. Келесі күні үш орманшының қайтыс болғаны хабарланды. 10 маусымда Абай ауданындағы өртте қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.
Орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті бұйрыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Оқи отырыңыз