Жаңалықтар тізбегі
0

Мусин автоматтандырылған терминалдар жұмысына қатысты тұрғындар шағымына жауап берді

ХҚКО Сурет: polisia.kz
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин тұрғындардың шағымдарынан кейін құжаттарды жедел дайындауға арналған жаңа автоматтандырылған терминалдарды қарап шықты. Алдында астаналықтар терминалдардың дұрыс жұмыс істемейтіндігіне нарызылық білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, наурыз айында іске қосылған жеке куәліктер мен төлқұжаттарды рәсімдеуге арналған терминалдардың жұмысымен таныстым. Аталған құрылғылардың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткіздім", деп жазды Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

Алайда, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындары үшін бұл қызметтер әзірге қолжетімсіз.

Министр бұл мәселе сәуір айының соңына дейін шешілетініндігіне уәде етті.

"Біз Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, қажетті жұмыстарды қолға алдық. Техникалық мәселелер шешімін тапқан соң, еліміздің барша тұрғыны терминалдар арқылы жеке куәліктері мен төлқұжаттарын аз уақыттың ішінде рәсімдей алады. Айта кетейін, әзірге мұндай терминалдар елордадағы Керей-Жәнібек хандар, 4 көшесі мекенжайында ғана бар. Ал жыл соңына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына еліміздегі барлық облыс орталықтарына да дәл осындай терминалдарды орнату бойынша міндет жүктеп отырмын", деп жазды министр.

Айта кетсек, 3 наурызда құжаттарды рәсімдеуге арналған жаңа терминал Астана ХҚКО-да пилоттық режимде өз жұмысын бастады.

Терминалдардың көмегімен тұтынушылар бұрынғыдай кезекке тұрып жатпай-ақ қызметтерге тапсырыс бере алады және құжатты әзірлеу процесі ары кеткенде 10 минут уақытты алады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: