Министрлік пәтер ұтысын өткізіп жатқаны рас па
Сурет: pixabay
Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын алдап алудың жаңа әдісін ойлап тапты. Олар азаматтарға телефон арқылы өздерін "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерімін" деп таныстырып, "конкурстық негіздегі пәтер ұтысына" қатысуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мұның фейк екенін және қазір осыған қатысты азаматтардың тарапынан қоңыраулар жиі түсіп жатқанын мәлімдеді.
"Алаяқтар өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырып, министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып конкурстық негізде пәтерлердің ұтысын өткізетіні туралы айтып, тұрғындарға хабарласады. Сонымен бірге мемлекеттік органға "қаржылай берешегі" туралы мәлімдеп, ол өтелген жағдайда азамат конкурстық негізде "пәтер алатыны" туралы жалған ақпар береді". Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Министрлік бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Өйткені тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді әрі санаттарға сәйкес және кезекке қою күніне байланысты бөлек тізімдермен жүзеге асырылады.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша өзекті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Call-орталығына хабарласу қажет. Осы ретте күмәнді жарнамаларға назар аудармай, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript