"Үсік жүріп, бұршақ түседі". 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК 8 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады; солтүстік аймақтарда – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, елдің солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа-райы күтіледі. Республикамыз басым бөлігінде жел күшейеді, тұман болады, солтүстік облыста көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, синоптиктер түнде еліміздің оңтүстігінде, шығысында, Алматының таулы аудандарында, Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауатынын айтады.
"Түнде Жетісу облысының солтүстігінде ауа температурасы -1 градусқа суықтап, үсік жүреді", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript