Атбасарда итті сойғандар ұсталды
Сурет: polisia.kz
7 сәуірде Атбасарда учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сойғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Polisia.kz хабарына қарағанда, түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.
Олар итті пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөлігі оқиға орнында қалған.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 3-бөлігі (Жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript