Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне жалған жанармай құю карталары сатылып жатыр

Жанармай, жалған ақпарат, жанармай құю қартасы, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 14:37 Сурет: Zakon.kz
Қазнетте Helios, Qazaq Oil және "Газпром" компанияларының жанармай карталары ұсынылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол карталардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады-мыс. 

Жанармай, жалған ақпарат, жанармай құю қартасы, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 14:37

Сурет: Stopfake.kz

Stopfake.kz арнасының жазуынша, ол карта Қостанайда тіркелген компанияның атынан Telegram арқылы сатылады.

"Алайда ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, аты аталған компаниялардың ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған.

Сарапшылардың сөзінше, жанармай карталарын сату жарнамасы – алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады, және оның карталар сатуға ешқандай қатысы жоқ.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: