Үсік, жаңбыр, найзағай: Қазақстандағы 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 17:51 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 11 сәуіріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, елдің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болатындықтан, ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады, оңтүстікте таулы аудандарда кейде қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстік пен батыста ауарайы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшеюі күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Жамбыл облысында синоптиктер екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын қатты желді болжады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпеі бұлт, таңертең және түстен кейін аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Күндіз желдің екпіні 9-14 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0, -2°С, күндіз + 5 + 7°С.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, арасынд қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9°С, күндіз + 11 + 13°С.

Шымкентте көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде жедің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9°С, күндіз + 16 + 18°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: