Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына 313 миллион теңге шығын келген

Алматы әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 22:55 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайға шабуыл ұйымдастырды деп күдікке іліккендерге қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап ретінде әуежай өкілі келген шығынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"313 млн 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Компьютерлер бүлінді. Арнайы тексеретін құрылғылар істен шықты. Ол күндері ұшу тоқтады. Біз айтып отырған шығын жоғалтқан пайдамыз емес. Ол бұзылған жабдықтар. Әуежай ішіндегі құралсаймандардың талайы жарамсыз боп қалды. Сондай-ақ, күдіктілер аумақтағы бірнеше көлікке мінген. Қызметкерлердің рациясы ұрланған". Алматы халықаралық әуежайының өкілі Альберт Жазыбаев

Бұл іске қатысты 5 азаматқа: Әйгерім Тілеужановаға, Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Далыбаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа, Жанайдар Карменовке айып тағылған. Бесеуі де әуежайды басып алып, жұмысын тоқтатуға әрекеттенді деген күдікке ілікті.

Тергеу мәліметінше, олар стратегиялық нысанға арнайы барып, жұртты жанына жинаған. Тіпті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жасағы мінген ұшақты қондырмас үшін электр қуатын өшіруге талпынғаны туралы прокурордың айыптау актінде жазылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: