Жаңалықтар тізбегі
0

Ардақ Назаров: Гей-пропоганда қазір ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде қарқынды насихатталып жатыр

Феминистер шеруі, депутат, гей-парад, дәстүр, дәстүрлі қазақ қоғамы, ұлттың азғындауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 13:01 Сурет: Instagram/ardaknazarov
12 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған депутат Ардақ Назаров гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде өте қарқынды насихатталып жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа сайланған депутат экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармау керек екенін айтты. 

"Өздеріңізге мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ, олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр. Жалпы, соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатыр".Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров

Оның пікірінше, насихаттаушылардың артында Батыстың халықаралық ұйымдары тұр.

"Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады". Ардақ Назаров

"ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді" деген депутат жастардың тәрбиесіне селқос қарамай, қазірден қамдану керек екенін айтты.

"Кеше алаңда ЛГБТ жалауын жамылып жүрген балалар бөтен емес, ол – сіздің де, менің де балам, ол – қазақтың қаракөздері. Бәле менің үйіме келмесе болды деп алаңсыз жүре алмаймыз. Келетін індет келіп болды, оның тамырына қазір балта шаппасақ, ертең бармақ шайнап қалатынымыз айдан анық".Ардақ Назаров

Осыған орай ол мынандай ұсыныстарын ортаға салды:

  • митингке келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын;
  • барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын;
  • теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін;
  • Республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: