Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бұрынғы машина жасау зауыты аумағында мектеп салынады

Алматыда бұрынғы машина жасау зауыты аумағында мектеп салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 12:13 Сурет: primeminister.kz
Алматы әкімдігі бұрынғы "Белкамит" машина жасау зауытының аумағына мектеп салады. Бұл туралы 13 сәуірде Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мегаполис басшысы мектеп құрылысы биыл қазан айында басталатынын нақтылады.

"Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасындағы меморандум аясында қазан айында бұрынғы "Белкамит" зауыты аумағында 900 орындық мектеп құрылысы басталады".Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Оның айтуынша, әкімдік сонымен қатар екі мектепке: №122 және "Білім инновация лицейіне" сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жасаған. Жаңа оқу жылы басталмас бұрын №127 және 141 мектептерде де осындай жұмыс жүргізілмек.

Сонымен қатар Мамыр-1 шағын ауданында ауысымына 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып жатыр. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі.

"Қуаныш ықшамауданында ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың жаңа бас ғимаратының құрылысына жер телімін сатып алу бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір жер телімінің құны меншік иесімен келісіліп жатыр. Бұл нысандарды салу емхананы шамадан тыс жүктеу мәселесін толығымен шешеді".Ерболат Досаев

Бұған дейін Алматы әкімі Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін созылатынын айтқан еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: