Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің 2 қаласы мен 9 өңірінде бұршақ жауады, қатты жел соғады деп болжанады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 20:51 Сурет: pixabay
14 сәуірде Ақтөбе, Қостанай қалалары мен еліміздің сегіз облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбеде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласады), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанайда жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласады), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ түседі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, ал күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік бөлігінде, ал түнде солтүстік-батыста солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей кезде 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  - 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады деп болжанады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: