Жұма күні Алматыда ауа райы қолайсыз болады деп болжанды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14 сәуір, жұма күні Алматыдан басқа Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай болжанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:
- көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көзінің жанында жүруді азайтыңыз.
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар өзімен бірге қажет дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз.
- дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript