Қазақстандағы некелесу мен ажырасудың соңғы 10 жылдағы көрсеткіші
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы Қозы көрпеш – Баян сұлу күні қарсаңында еліміздегі некеге тұру мен ажырасу бойынша соңғы 10 жылдағы динамикалық көрсеткіштерімен, сондай-ақ 2022 жыл бойынша қосымша ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статисика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 салыстырғанда 8,5%-ға аз. Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құраqды.
Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі - 79,1%, әйелдер арасында – 81%.
Некеге алғаш отырғандардың орташа жасы:
- Ерлерде – 28 жас
- Әйелдерде – 25,2 жас
2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген: 15 267.
"Ажырасуларға келсек, былтыр 44,5 мың ажырасу тіркелді, бұл 2021 салыстырғанда 7,7%-ға аз. 2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, бұл - ажырасулардың жалпы санының 34,6%, 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%".Ұлттық статистика бюросы
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript