Алматыда ер адам пәтердің терезесінен аңшы мылтығымен оқ атқан
Сурет: видео скрині
Алматыда ер адам пәтердің терезесінен аңшы мылтығымен оқ атқан, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алматы полиция департаменті Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға патрульдік полиция қызметкерлері және полицияның арнайы жасақтары бірінші болып әрекет еткенін хабарлады.
1959 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол алкогольдік масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқандығы белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.
"Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында беріледі. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript