Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнату бойынша уағдаласты

виза, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 01:20 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Ғабиден Темірбеков Вьетнам cыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Люонг Тан Куанмен видеоконференция форматында келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар консулдық салада достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің жалпыазаматтық паспорттардың иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты.

Ғабиден Темірбеков Вьетнам тарапына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік-Шығыс Азия өңірімен түрлі саладағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы айтты және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатынын жеткізді.

Люонг Тан Куан екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін айтты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: