Президент Жаңаөзендегі жағдайларға тоқталып, үкіметке тапсырма берді
Сурет: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзен қаласын дамыту үшін қабылданған кешенді жоспарды мейлінше іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 сәуір күні өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа және үкіметке Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша міндеттер жүктеді.
"Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар ол мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін алға тартып, жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасау керек екенін баса айтты.
"Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет", – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript