Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау жұмысшылары тағы ереуілдетіп жатыр: президент тапсырма берді

Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуілі, бейбіт шеру, Жаңаөзендегі ереуілшілер, Жаңаөзен, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 15:09 Сурет: видеодан үзінді
Үкіметтің 8 ақпан күнгі кеңейтілген отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында еңбек ұжымдары наразылығының күшейіп келе жатқанын тілге тиек етіп, жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компаниялармен сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев бұл мәселені әкімдерге ғана жүктеп қоймай, бірлесе қарауды ұсынды.

Бұл тұста үкімет пен «Самұрық-Қазына» да тығыз жұмыс істеуі тиіс. Қажет болса, үкіметтің арнайы комиссиясын Маңғыстауға жіберу керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске салсақ, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек ұжымдарының ереуілдетіп жатқанына бір аптаның жүзі болып қалды. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаровқа үндеу жолдап, жұмыс туралы талаптарын білдірген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: