Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
![Кеңейтілген Үкімет отырысы өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 16:37](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f5508be9-4d40-4040-ad66-87c3773f2311/800x451.webp)
8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz
8 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.
Берік Уәлидің айтуынша, жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысы 2021 жылдың 10 шілдесінде өтті. Отырыста еліміздің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript