Жаңалықтар тізбегі
0

"Жарты жылда жазылады". Алматыда дәрігерлер бұрын жасалмаған отаны сәтті аяқтады

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 21:54 Сурет: unsplash
Алматылық дәрігерлер осыған дейін бір де бір кішкентай балаға жасалмаған отаны сәтті аяқтады. Ақ халаттылар ойнап жүріп мертіккен бүлдіршінді шолақ болудан сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 жастағы Қайсар сол күні ойнауға кетіп, екі кештің ортасында үйіне сұмдық жарақатпен оралады. Ол көршінің контейнеріне шығамын деп құлап, сол сәтте бір қолымен дарбазаға ілініп қалады. Қаңылтыр саусағын қиып түскен. Сөйтіп бүлдіршіннің саусағы екіге айырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Кешкі сағат 6:30-да ауызашарға кеткелі жатқанбыз. Кенеттен көршілер жүгіріп келіп, баламның құлағанын айтты. Басында жырып кеткен шығар деп ойладым. Ауруханаға апарып, саусағын көрген кезде мен өзімді ұстай алмадым", – деді Қайсардың анасы Ақмарал Жолсейітова.

Жарақат алған бала жедел жәрдеммен №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, сол сәтте науқастың үзілген саусағы тері мен жіңішке тамыр арқылы әрең ілініп тұрған.


"Балаға бірден ота жасау туралы шешімге келдік. Менен бөлек, 2 микрохирург келді. Ота 5 сағатқа созылды. Саусақты кесіп тастамай, қалпына келтірдік", – деді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының Травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.

Бала қазір өзін жақсы сезінетінін айтты. Дәрігерлердің айтуынша, жараланған саусақ жарты жылдай уақытта толық жазылады. Айта кетсек, кішкентай балаға мұндай ота ел бойынша бірінші рет жасалып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: