Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Оралда мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін. Себебі: ескі мекеменің орнына жаңа медициналық сауықтыру кешені салынады деген ақпарат тарап жатыр. Ата-аналарды бұл жаңалық қуанта қоймады. Өйткені жаңа мекеме - жекеменшік, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл орталықта қазір 46 бала тәрбиеленуде. “Балалармен логопед, психолог, дефектолог мамандар жеке-жеке айналысады”- дейді ата-аналар. Сондықтан мекеме жабылуы мүмкін деген жайсыз хабар есеңгіретіп тастаған. Мұндай ақпараттың тарауы да тегін емес екен. Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба ретінде әлеуметтік нысандарды жекенің қолына беру көзделген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Мен осы мекемеге келгенде баламды қолыма ұстап әкелгенмін. Жатқан бала ғой. Енді қазір қандай жағдайда тұрғанын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Өте керемет. Бәрімізге, атааналарға ұнайды. Әр баланың тілін біледі". Орал қаласының тұрғыны Раушангүл Орынғалиева
Бірақ әлі ол кешеннің қашан салынып, пайдалануға берілетіні белгісіз. Шенеуніктер де жаңа орталық ашылса, науқас балаларға медициналық қызмет тегін көрсетіледі деп ақталуда.
"Әзірге барлық қажетті жағдай жасалып, құрылыстың қазығы қағылмайынша, жаңа орталық туралы айтуға ерте. Тендер, байқау туралы әлі ешқандай сөз жоқ. Қазір біз нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеп жатырмыз".Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript