Алматыда жүргізушілерге құрма таратып жүрген баланы көлік қағып кетті
Сурет: видео скрині
Алматыда көшеде тұрғындарға су мен құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, оқиға Абай даңғылының бойында болған. Бұл көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған.
Кадрлардан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Жеңіл көлік жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жарақаттанған жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript