Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауады

Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 12:04 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына Қара теңіз өңірлерінен келетін циклон әсер етеді.

"Циклон батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жауын-шашынның (негізінен жаңбыр түрінде) болуына ықпал етеді", - деді синоптиктер.

Республика бойынша тұман басып, жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда найзағай, шаңды дауыл болады деп болжанды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: