Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорада Ораза айт мерекесіне орай "қызықты" автобус жолға шықты

Әдебиет, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 10:58 Сурет: СемАз зауыты
Ерекше шараны ауылдық кітапхана қызметкерлері Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне арнайы ұйымдастырған. Акция бірнеше күнге жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ тіліндегі ең алғашқы кітап 1807 жылы жарық көрген екен. Сейфул-Мәлік қисса дастаны Қазан қаласында басылып шыққан. Әдеби автобусқа мінген қызылордалықтар қазақ руханиятына қатысты біраз құнды мағлұматқа қанықты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жолаушылар жол-жөнекей поэзиялық жыр тыңдап, жас өнерпаздардың орындауындағы есті әндерді қосыла шырқады. Автобустағы жолаушыларға викториналық сұрақтар қойылып, Сыр өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды. 

"Интернет желісінің өте кең тарауына байланысты ақпараттық бағдарламаларды көшіріп алу біздің кітап оқудан алшақтатып бара жатыр. Сол кітапқа деген құштарлықты арттыру мақсатында осы шараны ұйымдастырып жатырмыз". Кітапханашы Гүлзат Тілесова

Жолаушылар:

- Концерт беріп, балалар тақпақ айтып жатыр. Соны ұйымдастырған ұжымға рақмет, алғысым шексіз.

- Бүгін қоғамдық көлікке міндік, ішінде оқушылар ән айтып, түрлі сұрақтар қойып жатыр. Қуанып қалдық. Кітапханашылар көп мағлұмат беріп жатыр. Айт құтты болсын!


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: